Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды •

    Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді

    Республика сарайында кездесеміз: түркиялық атақты актер Сұлтан Сүлеймен Алматыға келеді

    Фото: курсив

    «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясындағы басты рөлі арқылы әлемге танылып, миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленген түрік актері Халит Эргенч Қазақстанға келмек.

    Танымал өнер иесімен шығармашылық фан-кездесу 14 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайы өтеді.

    Актер қазақстандық жанкүйерлеріне арнайы бейнеүндеу жолдап, алдағы кездесуді асыға күтетінін жеткізді.

    «Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйек сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында кездесеміз. Тағатсыздана күтемін. Кездескенше!» – деді ол.

    Кездесу барысында көрермендер Халит Эргенчпен еркін форматта сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, кино әлеміндегі тәжірибесі мен өміріндегі қызықты оқиғалар туралы біле алады.

    Кештің музыкалық бөлігінде Symphosaz этно-симфониялық оркестрі өнер көрсетіп, көрермендерге танымал түрік телехикаяларының сүйікті саундтректерін орындайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →