Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды •

    Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ?

    Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ?

    Фото: видеодан скрин

    Қостанайға кіреберіс тасжолда жүргізушілерді шығынға батырған қауіпті шұңқыр пайда болып, елдің ашу-заңын туғызды. Апатты тесікке түскен көліктердің дөңгелек қалпақтары ұшып кетіп, жол жиегінде тұтас «коллекция» жиналып қалған. 

    Сорақысы сол, шұңқырдың тереңдігі сонша — жылдамдықпен келген кез келген көліктің дөңгелегін жарып, ауыр жол апатына әкелуі әбден мүмкін. Тозығы жеткен жолдан азабын тартқан жүргізушілер бұл сұмдықты таспаға түсіріп, желіде құзырлы органдардан жауап талап етуде.

    Тұрғындар бөлінген миллиондардың қайда кеткенін айтып, әкімдік пен мердігерлердің жауапсыздығына наразылық білдіріп жатыр. Әзірге қауіпті аймақ қоршалмаған да, жөнделмеген де, ал жауапты мекемелер әдеттегідей үнсіздік сақтауды жөн санап отыр.

    Видео: @ilovekostanayy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →