Әншінің сөзінше, ол қызын қазақы дәстүрмен шығарып салмақ болған.

«Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық.

Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін», — деп жазды ол.

Десе де, көпшілік оның қызының хиджаб кигеніне қатты наразы болған. Олар: «Дәстүр — қазақтыкы, киім — арабтан», «Әп-Әдемі қызыңызды осынша тұмшалап тастағаныңыз не?», «Қазақтың бір көйлегі табылмады ма?» деген пікірлерін жаудырып жатыр.