Дариға Бадықова: анасы немерелі, өзі інілі болды
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова анасының немерелі болып, өзінің інілі болғанын жариялады. Нәрестеге ӘмірАли есімі берілді.
Сурет: sn.kz
Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова отбасылық қуанышты жаңалықпен бөлісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында анасының немерелі болып, өзінің інілі болғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

«Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірАли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол! Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп, үйде бір ришат қыз осы есімді қойды. Еее жарайды дедік», — деп жазды өнер иесі.

