Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен Әлемдік жасанды интеллект конференциясында Камбоджа премьер-министрі Хун Манетпен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті

    Шанхайда өтіп жатқан Әлемдік жасанды интеллект конференциясы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрі Хун Манетпен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Камбоджамен достық пен өзара құрметке негізделген әріптестікті жоғары бағалайтынын айтты. Президент екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа оң серпін беру үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

    Оның пікірінше, тауар айналымын арттырудың ең перспективалы бағыттарына ауыл шаруашылығы, тоқыма өнеркәсібі, туризм, құрылыс, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика жатады. Атап айтқанда, Қазақстан астық, тыңайтқыштар және басқа да аграрлық өнімдерді жеткізуді ұлғайтуға дайын.

    Сонымен қатар, БҰҰ электрондық үкімет даму индексі бойынша 24 көшбасшы елдің қатарына кіретін Қазақстан озық технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісуге әзір.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →