Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды «Тобыл» еурокубоктағы жолын аяқтады: «Партизаннан» қарымта матчта ұтылды Нұрайдың ағасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді БҚО әкімі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады

    Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

    Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады.

    Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.   Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →