Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады •

    Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды

    Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды
    Коллаж: 1bol.kz

    Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаевқа америкалық файтер Брэндон Ройвал жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    UFC 329 турнирінде Лас-Вегаста өткен кездесуде Ұлыбритания өкілі Лонир Кавананы үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңгеннен кейін Ройвал октагонда сұхбат беріп, қарсылас ретінде Алмабаевты атады.

    «Мен — хаостың шеберімін. Әдемі төбелескенді қалар едім, бірақ менің стилім басқа. Мен үнемі айқасуға шығамын. Асу Алмабаев, кеттік! Сен өте мықтысың. Сенімен жұдырықтасқым келеді, өйткені сен керемет файтерсің», — деді Ройвал Джо Роганға.

    Қазіргі таңда UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде төртінші орында тұрған Ройвал осылайша қазақстандық спортшыны ресми түрде жекпе-жекке шақырды.

    Еске салсақ, Асу Алмабаев соңғы кездесуін 27 маусым күні Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын. Бұл жеңісі үшін қазақстандық файтер UFC тарапынан 100 мың доллар көлеміндегі арнайы бонусқа ие болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →