Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті •

    Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

    Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БАӘ-ге қатынайтын кейбір рейстерін уақытша тоқтатты. Жолаушыларға толық қайтару немесе тегін ауыстыру ұсынылды.

    Air Astana БАӘ-мен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

    Сурет: kz.kursiv.media

    Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қатынайтын кейбір рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Компания 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы – Дубай – Алматы (KC897/898) рейстерін, сондай-ақ 14 шілдеде орындалуы тиіс Астана – Дубай – Астана (KC205/206) рейсін тоқтатты.

    Жолаушыларға билет құнын толық қайтару немесе рейсті тегін ауыстыру ұсынылды. 12-18 шілде аралығындағы рейстерді 31 шілдеге дейінгі кез келген күнге қайта броньдауға болады.

    Air Astana аймақтағы жағдайдың дамуын бақылап, жолаушыларды шығару жолдарын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →