Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды «Асқазаным сыздап, желкеме тас байланғандай»: Гүлзира Айдарбекова қазіргі күйін айтты Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты

Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды

Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Aiqyn.kz

Белгілі боксшы Қанат Ислам Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Бурабайда өтіп жатқан шетелдегі қазақ балаларына арналған «Атамекен» халықаралық балалар құрылтайында мәлімдеді.

– Шетелде туып-өскен қазақтың қас батыры, әлемдік рингте ел намысын қорғаған Қанат Исламды жұртшылық жақсы таниды. Ол – спорттағы жетістігімен қатар, ұлт мүддесіне жанашыр азамат. Құрылтайға қатысып отырған жас ұрпақтың арасынан Қанаттай елге қызмет ететін азаматтар өсіп шықсын деген ниетпен оны қауымдастық жұмысына шақырып отырмыз. Алдағы уақытта оның ел игілігі үшін атқаратын жұмыстары көп болады деп сенеміз, – деді Зауытбек Тұрысбеков.

Өз кезегінде Қанат Ислам бұл қоғамдық қызметке үлкен жауапкершілікпен келгенін айтты.

– Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы – әлемдегі қазақтарды ұйыстыратын қарашаңырақ. Қазақта «Ер жігітті жас өсірмейді, жауапкершілік өсіреді» деген сөз бар. Біз де мойнымызға үлкен жауапкершілік алып отырмыз. Бұл ұйымға талай ел ағалары еңбек сіңіріп, дүниежүзіндегі қазақтарды біріктіру жолында аянбай қызмет етті. Сол игі істі жалғастырып, жаңа мазмұнмен дамыту – біздің міндетіміз. Елге келген қандастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, береке-бірлікке шақыру, ел игілігі үшін қызмет етуге жұмылдыру – біздің жауапкершілігіміз. Басты мақсатымыз – қазақ елінің абыройын асқақтату және ел бірлігін нығайту, – деді Қанат Ислам.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика