Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

    KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты

    KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты

    Фото: СҚО ПД

    Қазақстанда алғаш рет KyzdarNet сайты арқылы жеңгетайлықты ұйымдастыруға қатысы бар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен мүшелеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

    Полицияның мәліметінше, соңғы жылдары тыйым салынған веб-ресурстың қызметіне қатысты жеңгетайлық дерегі бойынша бес қылмыстық іс сотқа жолданған. Осы істерді талдау барысында құқық қорғау органдары қылмыстық желінің жұмыс істеу тәсілін анықтап, ұйымдасқан топтың негізгі мүшелеріне шыққан.

    Қылмыстық іс 2025 жылдың мамыр айында тіркелген. Тергеуге Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Жұмыс Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.

    Тергеу барысында мамандар цифрлық іздерді зерттеп, криптовалюта арқылы жүргізілген қаржылық операциялар мен халықаралық серверлік инфрақұрылымды талдаған.

    Полицияның мәліметіне сәйкес, өткен жылдың шілдесінде Астана қаласы және өзге өңірлерде жүргізілген арнайы операция кезінде алты күдікті ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар Қазақстан аумағында интимдік қызмет көрсететін адамдардың жарнамасын жариялауды ұйымдастырып, сайттың жұмысын әкімшілендірген және криптовалюта арқылы қаржылық операцияларды жүргізген.

    Сегіз айға созылған тергеуден кейін 2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесіне қатысты айыптау үкімін шығарды.

    Сот шешімімен топтың ұйымдастырушысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бес негізгі мүшесінің әрқайсысы 8 жылға сотталды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Полицияның хабарлауынша, қылмыстық топтың өзге де мүшелерін анықтау және олардың заңсыз әрекеттерін толық құжаттау бағытындағы жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →