Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қырғызстан, Қатар, Мажарстан, Сербия және басқа елдерге жаңа елшілер тағайындалды.

    Қазақстан Президенті бірқатар елшілерді тағайындады

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше елге жаңа елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына ие болды. Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

    Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалып, бұған дейін атқарған Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →