Қазақстан Президенті бірнеше елшіні қызметінен босатты
Қазақстан Президентінің жарлығымен Рәпіл Жошыбаев, Арман Исағалиев, Абзал Сапарбекұлы және Мәди Атамқұлов елші қызметтерінен босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше елші лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетінен босатылды. Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
