Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды?

Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды?

Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Саумалкөл теміржол вокзалының ашылуы үлкен дауға ұласты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Көлік вице-министрі мен өңір басшылығы келіп, лентасын қиып, бір-бірін мақтаған ауқымды реконструкция небәрі он күнге ғана шыдады. Салтанатты таныстырылымнан кейін жаңа жолаушылар платформасынан бірден сапасыздық анықталып, төселген асфальт қайта бұзып алынды.

Ресми тексерісті нысанды қабылдамай тұрып емес, шенеуніктердің суретке түсіп кеткенінен кейін ғана жүргізген жергілікті әкімдіктің бұл әрекеті халықтың ашуын тудырып отыр. Жобаны қолға алған «KAZSTROY-SK» ЖШС құрылыс компаниясына қатаң ескерту беріліп, мердігер енді асфальтты өз есебінен қайта төсеуге мәжбүр. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов әлеуметтік желіде «бастысы — сапа» деп ақталғанымен, шенеуніктердің көзбояушылық жұмысы мен жауапсыздығы желіде қатты сыналуда.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика