Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Испания футболдан Австрияны 3:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

    Испания футбол құрамасы Австрияны 3:0 есебімен ұтып, Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Микель Оярсабаль дубль жасады.

    Испания футболдан Австрияны 3:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

    Фото: Selección Española Masculina de Fútbol

    Испанияның футбол құрамасы Австрияны ірі есеппен жеңіп, Әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өткен 1/16 финалдық кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Микель Оярсабаль дубль жасады, екі голға да Марк Кукурелья пас берді. Тағы бір голды Алекс Баэнаның ассистінен кейін Педро Порро соқты.

    1/8 финалда Испания құрамасы Португалия мен Хорватия арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →