Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды • Алматы-Стамбул рейсінде жолаушының рюкзакінен ақша мен банк картасы жоғалды • Алматылық радиожүргізуші Шакираның Бишкектегі концерті мен қырғыз халқының қонақжайлылығын тамсанды •

    Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды

    Президент бірнеше маңызды заңға қол қойды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.   

    Президент алдымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Бұдан бөлек, Президент «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Ақорданың мәліметінше, аталған заңдардың толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →