Басты бет » ӘЧ-2026: Парагвай сенсациялық түрде Германияны пенальти сериясында жеңді

ӘЧ-2026: Парагвай сенсациялық түрде Германияны пенальти сериясында жеңді

ЧМ-2026: Парагвай сенсациялық түрде Германияны пенальти сериясында жеңді

Сурет: tengrisport.kz

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Парагвай құрамасы Германияны пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Немістер Е тобында 6 ұпаймен бірінші орын алған еді: олар Кюрасао мен Кот-д’Ивуарды жеңіп, соңғы ойында Эквадордан ұтылды. Ал парагвайлықтар үшінші орынмен плей-оффқа шықты: АҚШ-тан жеңіліп, Түркияны ұтып, Аустралиямен тең ойнады.

Ойын барысы: бірінші таймда, 42-минутта Парагвай есеп ашты. Вингер Хулио Энсисо флангтан берілген пасты баспен қақпаға бағыттады. Екінші таймның басында, 54-минутта Германия есепті теңестірді: Флориан Виртц ұзын паспен Кай Хаверцтің басын тапты, ол допты қақпаға жіберді. Екінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Бірінші қосымша таймда Германия 102-минутта алға шыға алатын еді, бірақ бас төреші Джонатан Таның голын фолға байланысты есептемеді. Қосымша уақыт голсыз аяқталды.

Пенальти сериясында немістер бірінші соққыны өткізе алмады: Кай Хаверц қақпашыны айналып өте алмады. Ал парагвайлық Маурисио өз мүмкіндігін пайдаланып, командасын алға шығарды. Кейін Йозуа Киммих пен Джамал Мусиала Германия үшін дәл соқты, ал Парагвайдан Густаво Гомес пен Матиас Галарза қателеспеді. Төртінші айып добын екі команда да өткізе алмады: Ник Вольтемаде парагвайлық қақпашыны айналып өте алмаса, Антонио Санабриа қақпадан жоғары ұрды. Бесінші соққыда Надием Амири дәл болып, Германияны ойында қалдырды, ал Фабиан Бальбуэна Мануэль Нойерді айналып өте алмады. Алтыншы айып добында Джонатан Та қақпадан жоғары ұрса, Хосе Канале дәл соғып, серияны аяқтады.

Осылайша, Парагвай 1/8 финалға шықты, онда Франция — Швеция жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл матч 4-5 шілде арасындағы түні Қазақстан уақытымен 02:00-де өтеді. Бүгінгі ойын күнінің соңғы 1/16 финалы Марокко мен Нидерланд арасында 06:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалдың алғашқы қатысушысы ОАР — Канада матчында анықталды, ал кеше түні Бразилия Жапонияны жеңіп, келесі раундқа өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 433 (@433)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 433 (@433)

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика