Басты бет » Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

Фото: pixabay

Түнгі уақытта Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 34 тұрғынды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 25 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика