Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады •

    «Табыс табуға мүмкіндік»: Асу Алмабаев алдағы жекпе жегі туралы

    «Табыс табуға мүмкіндік»: Асу Алмабаев алдағы жекпе жегі туралы
    Фото: Mike Roach

    Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өтетін жекпе-жек алдындағы көңіл күйі мен дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы алдағы айқасқа тыңғылықты дайындалғанын жеткізді.

    «Көңіл күйім жақсы. Жекпе-жек берілгені әрқашан қуантады, өйткені аздап табыс табуға мүмкіндік болады. Бұл айқасқа өте байыпты дайындалдық. Соңғы жекпе-жегімнен кейін 4-5 оқу-жаттығу жиынын өткіздім. Барлық бапкерлерімді жұмысқа қостым, сондықтан дайындығыма сенімдімін.

    Чарльз Джонсон — жақсы файтер, мықты атлет, физикалық тұрғыда өте қуатты қарсылас. Мен жан-жақты спортшымын. Әрине, менің басты қаруым — күрес. Бірақ аяқпен де, қолмен де жақсы соққы жасай аламын. Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Дегенмен адам өзін артық оймен ауырлатпауы керек, өйткені ондай жағдайда жекпе-жек қиындай түседі. Менің ойымша, мүмкіндік 50 де 50», — деді Алмабаев UFC баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

    Еске салайық, Асу Алмабаев пен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек 27 маусым, сенбі күні Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →