Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты •

    Бұдан былай субұрқаққа шомылғандар айыппұл арқалайды

    Бұдан былай субұрқаққа шомылғандар айыппұл арқалайды

    Бұл туралы туралы Есіл ауданының полиция басқармасы хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Астанадағы Ботаникалық бақтың субұрқақтарына шомылған балалардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартыла бастады. Жиі ескерту жасалып жатса да, кейбір ересектер балаларының субұрқақ суына түсуіне тыйым салмайды. Мұндай жағдайда полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырады.

    Тәртіп сақшыларының сөзінше, субұрқақтар тұрған жерде балаларды тоқ соғып, түрлі инфекция жұғуы мүмкін.

    «Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ олардың субұрқақтар мен шомылуға арналмаған басқа да орындарда суға түсуіне жол бермеуге шақырамыз», – деп атап өтті Есіл аудандық полиция басқармасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →