Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қазақтың әйгілі ақыны Кенен Әзірбаевтың туған күні

    Қазақтың әйгілі ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туған күніне орай өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.

    Қазақтың әйгілі ақыны Кенен Әзірбаевтың туған күні

    Сурет: sn.kz

    Бүгін, 1884 жылы дүниеге келген қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туған күні, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кенен Әзірбаев Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. Ол қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған. Оның «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан» әндері белгілі. Сондай-ақ «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлаған.

    Кенен Әзірбаев Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, батырлардың ерлігін жырлаған. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандарын тудырған. Ол 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазған. Оның әнші, композитор болуына Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды өнерпаздардың әсері зор болған. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар» әндері халық сүйіп айтатын рухани қазынаға айналған.

    Кенен Әзірбаев жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді жырлаған замана жырауы. Оның екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары әлденеше рет жинақ болып жарияланған. 1984 жылы ақынның 100 жылдық мерекесі өткізіліп, таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрген. Ол «Еңбек Қызыл Ту», 2 мәрте «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →