Қостанайда туберкулездің ашық түрімен ауыратын қызметкер мектеп асханасында жұмыс істеген

Фото: Pixabay

Қостанай облысында мектеп асханасында ашық туберкулезбен ауыратын қызметкер жұмыс істегені анықталды. Сол себепті тендер алған кәсіпкермен келісімшарт бұзылды. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Меңдіқара ауданындағы Боровской мектеп-гимназиясында көктемде санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден кейін жанжал шықты. Асхана қызметкері денсаулық туралы анықтама көрсетпеген және медициналық тексерусіз жұмысқа қабылданғанын мойындады.

Мектептегі сабақтар шұғыл түрде тоқтатылды, балалар қашықтан оқуға ауыстырылды, ал ғимарат толығымен дезинфекцияланды.

Меңдіқара білім беру бөлімі жеке кәсіпкер Александр Юдинмен жасалған келісімшартты біржақты бұзып, оны адал емес қызмет көрсетуші деп тану туралы талап арыз берді.

“Іс экономикалық сотта қаралды, онда жауапкер қарсы талап арыз берді. Ол білім беру бөлімінің келісімшартты біржақты бұзу әрекеттерін заңсыз деп тануды талап етті және жұмысынан айырылуына қатты наразылық білдірді. Юдин ауруын жасырған қызметкердің әрекеттері үшін жауапты емес деп санады. Сонымен қатар заң бойынша денсаулық туралы анықтаманың болмауы мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттың бұзылуына әкеп соқпауы керек”, – делінген хабарламада.

Сот жеке кәсіпкермен жасасқан келісімшартта балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатысты баптар, сондай-ақ санитарлық ережелерді сақтау талаптары болғанын еске салды. Сондықтан қауіпті ауруы бар қызметкердің жұмыс істеуіне рұқсат беру тікелей және дәлелденген кәсіпкердің кінәсі болып саналады.

Жеке кәсіпкер Юдинге енді мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатысуға тыйым салынды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика