Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды

    Ақордада АҚШ Қаржы корпорациясымен бірлескен жобалар мәселесі қаралды

    Ақордада АҚШ Қаржы корпорациясымен бірлескен жобалар мәселесі қаралды

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат танытып, бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен.

    Тоқаев - Бен Блэк
    Фото: Ақорда

    – Біз АҚШ Президентінің дипломатияға деген батыл көзқарасын және прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Американың Ибраһим келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да негізгі жобаларын ілгерілетуге белсенді атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміз бүгінде бұрынғыдан да беки түскен кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге тың серпін берді. Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл реформалар елімізді ресурстарға тәуелді модельден білімге бағдарланған әртарапты экономикаға көшіруге бағытталған. Корпорацияңыздың инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібіне сай келеді. Біз нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз, – деді Президент.

    п
    Фото: Ақорда

    Бен Блэк қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өткеніне тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев аталған кездесулердің екіжақты байланыстарды кеңейту тұрғысынан өзектілігіне және қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру қажеттігіне айрықша назар аударды.

    Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы бірлескен инвестициялық жобаларды қолға алуға дайын екенін растады.

    Кездесуде аса маңызды минералдар, өзара көлік байланысы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

    Сонымен бірге Қазақстанда АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі тұрақты өкілдігін ашу мәселесі қаралды.

    Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасын қабылдаған болатын.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →