Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады • «Жаңа адамдар» Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік көрмесіне қатысты • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды •

    Тоқае Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасын қабылдады

    Тоқае Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасын қабылдады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    — Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз — бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, — деді Президент.

    Бұған дейін Президент Шымкент қаласының даму қарқыны туралы есеппен танысқанын жазғанбыз.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →