Фото: ҚШФ
Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында әйелдер арасындағы шахматтан әлем үздіктері қатысқан турнир өтіп, жерлесіміз жарыс аяқталмай тұрып үлкен ұпай айырмасымен жеңімпаз атанды, деп жазады Qazaqtoday.info порталы.
Бибісара дәл осы бәсекеге бірінші рет қатысты және турнир тарихындағы ең жас қатысушы саналды. Соған қарамастан, сенімді түрде жеңіске жетті.
Жаңартылған рейтингте Асаубаева қытайлық Чжу Цзинь мен үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабуды басып озды. Олар тиісінше екінші және үшінші орындарда тұр.
Түсіндіре кетейік, FIDE Circuit – әлем чемпиондығына үміткерлер турниріне жолдама беретін маңызды бағыттардың бірі. Цикл қорытындысы бойынша үздік шахматшылар әлем чемпиондығы үшін таласу мүмкіндігіне ие болады.
