Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды «Екі бірдей аруды бақытты етпек»: ажырасқан блогер қайта тұрмыс құратынын айтты Сталкинг: бұрынғы әйелінен зәбір көріп жүрген астаналық жігіт әділдік сұрады Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жастағы қыз тоққа түсіп, қайтыс болды Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды

«Елім-ай» клубының футболшысы жол апатынан қаза тапты

«Елім-ай» клубының футболшысы жол апатынан қаза тапты

Фото: ҚФФ

Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көкшетаулық “Елім-Ай” футбол клубының ойыншысы, 29 жастағы Илья Буртовой қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

Қайғылы оқиға Абай – Қарағанды бағытындағы автожолда болған. Апаттан кейін ауыр жарақат алған спортшы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

Илья Буртовой кәсіби футболдағы мансабын 2015 жылы “Шахтер-Булат” клубында бастаған. Кейін футзалға ауысып, Қарағандының “Прогресс” командасы құрамында Қазақстан кубогы жарыстарына қатысқан. Сондай-ақ ол “Скаут” балалар футбол клубында жаттықтырушы қызметін атқарды.

Бұдан бөлек, Буртовой еліміздегі үздік әуесқой ұжымдардың бірі саналатын FC BIRLIK командасының намысын қорғаған. Өткен жылы аталған команда сапында шағын футболдан өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын.

2025 жылы футболшы Көкшетаудың “Елім-Ай” клубына қосылып, Қазақстан кубогы мен Бірінші лига аясындағы кездесулерде өнер көрсетті.

Илья Буртовой 1996 жылы дүниеге келген. Қайтыс болған кезде ол 29 жаста болған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →