Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Каспий теңізінде жер сілкінді

    «Менде де пендешілік бар»: Роза Әлқожа ағынан жарылды

    «Менде де пендешілік бар»: Роза Әлқожа ағынан жарылды
    Фото: instagram.com/rozaalkoja

    Танымал әнші Роза Әлқожа желідегі парақшасында сырымен бөлісті, деп хабарлайды деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Өнер иесі  әнші болудың, танылудың оңай болмағанын айтты.

    «Әнші болу, танылу оңай келген жоқ. Ерте бастап, кеш танылған жанмын.
    Бірақ, ән менің икигайым екен! Әнсіз өмірімді елестете алмаймын. Әнсіз өмір мәнсіз! Ол және басқаларға да беріледі, олар соны сезінеді, бағалайды! Сондықтан шынайы өнер бар жерде костюм де, сымбат та, шоу да маңызды емес. Бастысы — жүрек сөзі, жүрек сазы!
    Ия, менде де өзімді көрмеу, құрметтемеу, құнымды білмеу, біреулерге еріп кету секілді түрлі пендешіліктер бар. Бірақ, құдай мен аруақ қағып жүреді!
    Әйтпесе сұхбат алып, өз бағдарламамды ашып журналист боп қызмет атқарсам да әлеуетім жетеді.
    Ақын боп өлең оқып, бермегенді тартып алып, алшаңдап басып жүруге құдай аз талант берген жоқ.
    Жазу — менің сүйікті жұмысым. Бірақ, “сұлу ән саған адалмын” деген Сейіл ағаға бекер қарындас болғам жоқ.
    Қорабай аға бекер шәкіртім деген жоқ. Қадыр жақсы көріп, Қадырғали еркелетсе бәрінің түбі сол әсем де әуезді ән-жүрекке келіп тіреледі. Басқа бөліп берер нем бар?!
    Жаратқан маған әнмен байлық берген екен. Ал, соны өзіме көрсеткісі келмегендер “ұстаз” боп келген екен. Аллама алғыс!
    Менің осы өнерге вдалдығымды білетіндео басымды бағалап, жүрегіме үңіліп, сөзімен, сыйымен, құрметімен қорғаштап жүреді, қолдап жүреді!
    Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар!», — деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары Роза ханымды қолдап, түрлі пікір қалдырды.

    «Өз-өзін жасау десе өзіңді айтар едім», «Ән әлемінің ханшайымы», «Аман бол Роза», «Өнер ол қасиет адамға қорған,ұстаған жандарға бақ ұстамағанға-сор..Саған Құдай берген өнерді. Бағаны халық береді», «Әңгіме де әңгіме бар, прозасы бір басқа .Әншіде де әнші бар, Розасы бір басқа», — деп жазды оқырмандар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →