Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Қазақстандағы автолизинг бағдарламасы: мәселелер мен перспективалар

    Атырауда аттракционнан өрт шықты

    Атырауда аттракционнан өрт шықты

    Фото: видеодан скринатт

    Атыраудың Авангард шағынауданында (Тілендиев көшесі) орналасқан ойын-сауық саябағында ірі өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметі жеткенде ағаштан тұрғызылған «қорқыныш бөлмесі» мен маңындағы карусель толықтай отқа оранған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Алдын ала болжам бойынша, апатқа электр желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Алайда ресми қорытынды комиссиялық тексерістен кейін ғана жарияланбақ.

    Белгілі болғандай, 2023 жылы пайдалануға берілген бұл демалыс орны осы уақытқа дейін өрт қауіпсіздігі бойынша ешқандай тексеруден өтпеген. Құзырлы органдар мұны Кәсіпкерлік кодекстегі талаптармен түсіндірді. Оған сәйкес, жоспарлы тексерістер нысанның тәуекел дәрежесіне қарай немесе нақты арыз-шағым түскен жағдайда ырғақты түрде жүргізіледі.

    Абырой болғанда, оқиға кезінде іште ешкім болмаған, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →