Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Орны бөлек»: Танымал актер қарындасын ұзатамын деп жылап қалды (ВИДЕО)

    «Орны бөлек»: Танымал актер қарындасын ұзатамын деп жылап қалды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі актер Рамазан Амантайдың туған қарындасын ұзатып жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Желіде тараған әсерлі кадрларда актердің қарындасына деген ерекше ықыласы мен бауырлық сезімі анық байқалады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Бейнежазбада Рамазан Амантай туған қарындасын жаңа өмірге шығарып салып тұрып, толқынысын жасыра алмайды. Ол қарындасының өз өміріндегі орны ерекше екенін айтып, бұл күннің өзі үшін аса маңызды әрі әсерлі сәт екенін жеткізеді.

    «Қарындасымның орны бөлек», – дейді актер.

    Желі қолданушылары да видеоға жылы пікірлерін жаудырып, бауырлар арасындағы шынайы махаббат пен сыйластықтың көрінісіне тәнті болғандарын жазуда. Көпшілік әсерлі сәттің жүректеріне жеткенін айтып, жас жұбайларға ақ тілектерін жолдады.

    Туған қарындасын ұзату – әрбір аға үшін ерекше күн. Ал Рамазан Амантайдың бұл сәттегі эмоциясы көпшіліктің көңілін босатып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →