Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты

Бағдагүл емші Баян Мақсатқызының концертіне тыйым салуды талап етті

«Емші Бағдагүл» KeshYou тобының концертін «жын-ойнаққа» теңеп, Президент Тоқаевтан Баян Мақсатқызының шоуына заңмен тыйым салуды сұрады.

Бағдагүл емші Баян Мақсатқызының концертіне тыйым салуды талап етті

Сурет: ult.kz

Әлеуметтік желіде «емші Бағдагүл» деген атпен танымал әйел продюсер Баян Мақсатқызын сынап, KeshYou тобының концертіне тыйым салуды талап етті. Ол бұл мәселеге қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Сынықшының айтуынша, KeshYou тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерті «жын-ойнаққа» ұқсаған және жастарға теріс үлгі көрсетеді. Ол қасиетті Құрбан айт кезінде мұндай «ашық-шашық, бейәдеп көріністері» бар, мән-мағынасыз кештің өтуіне неліктен рұқсат берілгенін түсінбейтінін жеткізді. Емші бұл іс-шара қазақтың салт-дәстүріне қайшы келеді деп санайды.

Бағдагүл өз жазбасында биліктің әрекетсіздігін сынап, Өзбекстан, Қырғызстан секілді басқа мұсылман елдерінде мұндайға жол берілмейтінін алға тартты. Ол өз үндеуін тікелей Мемлекет басшысына арнап, заң жүзінде шара қолдануға шақырды. «Тоқаевқа үндеу! Мұндай әдепсіз шоу-концерттерге заң жүзінде тыйым жасалып, тоқтатылсын!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →