Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді • 20 қазанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті •

    Жер жұтқан бюджет: Боралдайдағы сорақылық кімнің мойнында?

    Жер жұтқан бюджет: Боралдайдағы сорақылық кімнің мойнында?

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде тараған мына суреттер мен видеодан халықтың шыдамы әбден таусылғанын көруге болады. Жергілікті тұрғын жаңадан салынған асфальттың ортасындағы алып шұңқырға белшесінен түсіп, шенеуніктер мен мердігерлердің «сапалы» жұмысын әшкереледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Осыдан кейін «Бюджеттің миллиардтары қайда кетіп жатыр?» деген заңды сұрақ туындайды.

    Бұл сорақылыққа тапсырыс берген — Іле ауданының ТКШ (ЖКХ) бөлімі. Ал жолды сапалы салады деп сенім артылған мердігерлер — «Спец строй ЛТД» және «Arman AVK» серіктестіктері. Алайда, оңай олжаға кенелгісі келгендердің кесірінен халық күнделікті өз өмірлері мен көліктерін қауіпке тігіп жүр. Жауапты мекемелер мен техникалық қадағалаушылар бұл нысандарды қалай қабылдап алғаны түсініксіз.

    Тұрғындар жол жұмыстарына тәуелсіз сараптама жүргізіліп, кінәлі тұлғалардың заң алдында жауап беруін талап етуде. Егер қазір шара қолданылмаса, ертең бұл шұңқырлар үлкен қайғылы жағдайға соқтыруы әбден мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →