Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді •

    Қазақстандық блогер «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды

    Қазақстандық блогер «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды

    Фото: Видеодан скрин

    Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» аталымы бойынша жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестивалі аясында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өтті.

    Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеолар жариялады. Осылайша қазақстандық блогердің есімі әлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.

    WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылған контент авторларын марапаттайтын беделді сыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияға ықпал етіп, аудитория назарын аудара алған авторларға табысталады.

    Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарына енгенін хабарлаған болатын. Алайда марапатты табыстау рәсімі енді ұйымдастырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →