Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Геннадий Головкин Усик пен Верхувен жекпе-жегін тамашалауға Мысырға барды

    ҚР ҰОК басшысы Геннадий Головкин Мысырға Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы чемпиондық жекпе-жекті тамашалау үшін келді. Бокс кеші Гиза пирамидаларында өтеді.

    Геннадий Головкин Усик пен Верхувен жекпе-жегін тамашалауға Мысырға барды

    Сурет: sports.kz

    ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы және World Boxing президенті Геннадий Головкин Мысырдың Гиза қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіне келді. Бұл кештің басты оқиғасы – аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы, украиналық Александр Усик пен нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек болмақ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    DAZN стримингтік сервисі Instagram-дағы парақшасында Головкиннің іс-шараға келген сәтінен видео жариялады. Видеода қазақстандық спортшының қасында ағасы Максим Головкиннің жүргені көрінеді. «Головкин келді. Гиза қазір аңыздарға толы», — делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

    Аса ауыр салмақтағы бокс чемпионы мен кикбоксинг аңызы арасындағы жекпе-жек бокс ережелеріне сай өтеді. Бәске Усикке тиесілі WBC, WBA және The Ring журналының чемпиондық белбеулері тігілген. Айта кетейік, жекпе-жек Мысырдың әйгілі Гиза пирамидаларының жанында орнатылған рингте ұйымдастырылып отыр. Бұл шара Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының төрағасы Түрки Аль аш-Шейхтің қолдауымен өтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →