Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады • «Жол қашан жөнделеді?»: Атбасарда жылу құбырын тартқаннан кейін көше батпаққа айналған • Астанада тұрғындардың қарсылығына қарамастан құрылыс жүріп жатыр: рұқсат құжаты бар ма? • Украинадағы соғыс пен Кенесарының бас сүйегі: Уәлихан Қайсаров өткір мәселелерді көтерді • Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туған күні аталып өтеді • «Қызығы біткен сияқты»: Жігер Ауыпбаевтың әйеліне қарым-қатынасы сөз болды • Сәтбаев қаласында өрт шығып, 14 адамды эвакуациялады •

    «Сөзбен жеткізу мүмкін емес»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысын жоқтады (ВИДЕО)

    «Сөзбен жеткізу мүмкін емес»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысын жоқтады (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстандық әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм әнші Сәуле Базарханды еске алып, жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Сәуле Базарханмен түскен видеосын бөлісіп, бұл кездесудің соңғы сәт болғанын білмегенін жазған.

    «@dentalclinic_dr.naimanbayev-тың админы сырттан түсіріп алып, бүгін осы видеоны салыпты маған. Бұл менің Саулемен соңғы кездесуім екенін кім білген?! (Шетелден келгенде, ұсақ-түйек, сувенир болсын, бір нәрсе әкелу — үрдіс еді…). Бұның бәрі енді елеспен сағынышқа айналды…», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ әнші құрбысының қазасын ауыр қабылдап жүргенін жасырмады.

    «Өмір ащы әне бойым, өне бойым сыздайды…
    Өз жарасын жүрек қалай, жүрек қалай ұмытсын… Ұйқы жоқ… бір-біріне ұқсас сүреңсіз күндер, сөзбен жеткізу мүмкін емес… Сауле желіде хейтерлерге жауап беріп, үнемі мені жақтап отыратын, енді маған кім болысады?! Неге сонша асықтың, жан құрбым-ау. Жаның жәннатта болсыншы…», – деді Меруерт Түсіпбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →