Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Дариға Бадықова өткен өмірі мен болашаққа көзқарасы туралы жазба жариялады • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты •

    Димаш Құдайберген гуманитарлық көмекпен Бангладешке барды

    Димаш Құдайберген гуманитарлық көмекпен Бангладешке барды
    Фото: dimashnews.com

    БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Кокс-Базар өңіріне барды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кокс-Базар ауданында тұрақты гуманитарлық қолдауды қажет ететін мәжбүрлі қоныс аударған адамдардың едәуір бөлігі тұрады. Халықаралық ұйымдар мен жергілікті серіктестер тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.

    Бұл өңір климаттық және табиғи қауіп-қатерлерге байланысты қосымша сын-қатерлерге де тап болып отыр. Атап айтқанда, маусымдық су тасқындары мен циклондар гуманитарлық қызметтің жүзеге асырылуын және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс жағдайын күрделендіруде.

    Гуманитарлық миссия аясында Халықаралық көші-қон ұйымының Кокс-Базар өңіріндегі гуманитарлық бастамаларымен танысуға, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын гуманитарлық қолдау мен өңірдің даму мәселелеріне аударуға бағытталған бірқатар кездесулер мен сапарлар жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →