Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Александр Бублик әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді

Александр Бублик әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді
Фото: championat.com

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық спортшылардың орындары анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-ден 10-сатыға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Қазақстандық теннисші осы аптада Женева (Швейцария) ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. А.Бубликтің бұл жарысқа өткен жылы қатыспағанын ескерсек, сәттілік серік болған жағдайда ұпай қорын толықтыратындай мүмкіндігі бар.

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 85-тен 89-ға, ал Тимофей Скатов 188-ден 191-ге, Бейбіт Жұқаев 297-ден 298-ге, Михаил Кукушкин 281-ден 300-ге төмендеді.

Т.Скатов осы аптада Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды. Ол Франция ашық біріншілігі іріктеу жарысының ширек финалында әлемнің 143-ракеткасы, даниялық Эльмер Мёллермен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Женева жарысында бақ сынайтынын жазған едік.

Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-5-ке қайта кірді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика