Фото: Видеодан скрин
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркістанға сапары кезінде кортежін тоқтатып, жол бойындағы жергілікті тұрғындармен амандасты, деп хабарлайды qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мемлекет басшысы халықпен амандасып, жылы жүзбен әңгімелескені көрінеді. Сондай-ақ, тұрғындардың ықыласына ризашылығын білдіріп, сый-құрметін көрсетті.
Көпшілік Ердоғанның қарапайымдылығы мен халыққа жақындығына тәнті болып, оның бұл әрекеті желіде жылы қызу талқыға түсті.
Пікір жазғандардың бірі оны «қарапайым әрі кішіпейіл көшбасшы» деп бағаласа, енді бірі Түркістан халқына көрсеткен құрметін ерекше атап өтті.
«Бізде тоқтау түгіл, терезеге де қарамайды ғой», «Керемет көрініс», «Недеген қарапайымдылық», «Үлгі алу керек», «Түркістанның киелі топырағын, тұрғынын сыйлап тұр», «Бауырмалдығынан айналдық», «Кімдер тұрса да тоқтағанына ризамыз»,– деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті.
