Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті

    РФММ-дағы дау: Ата-аналар қазақтілді оқушылардың құқығы бұзылғанын мәлімдеді

    РФММ-ға оқуға түсуде дау шықты. Ата-аналар қазақ сыныбының оқушылары жоғары балл жинаса да, грантқа ілінбегенін айтып, шағымдануда.

    РФММ-дағы дау: Ата-аналар қазақтілді оқушылардың құқығы бұзылғанын мәлімдеді

    Сурет: ulysmedia.kz

    Әлеуметтік желіде Республикалық физика-математика мектебіне (РФММ) оқуға түсу нәтижелеріне қатысты дау туындады. Ата-аналардың айтуынша, қазақ сыныбында оқитын балалар орыс бөліміне қабылданған кейбір оқушылардан жоғары балл жинаса да, грантқа ие бола алмаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Желідегі жазба авторларының бірі екі лекке арналған тапсырмалардың бірдей болғанын, тек аударма тілінде ғана айырмашылық барын алға тартады. «Бұл не деген әділетсіздік? Орыс бөліміндегі оқушылар төмен баллмен грантқа түсіп жатыр, ал қазақ сыныбындағылар сондай баллмен өте алмайды. Бұл өз еліміздегі кемсітушілік», – делінген ата-аналардың шағымында.

    Бұл жазбалар қоғамда қызу талқы тудырып, көптеген пікір жазылды. Кейбір қолданушылар мемлекет есебінен орыс тілінде білім беруді қаржыландыру мәселесін қайта қарау керегін айтса, енді бірі бұған ұқсас жағдайдың Назарбаев Зияткерлік мектептерінде де болғанын еске алды. Олардың сөзінше, кезінде қазақ бөліміне тапсырған оқушылар орыс легіндегілерден жоғары балл жинаса да, оқуға қабылданбаған.

    Ата-аналар мен желі қолданушылары білім беру тіліне қарамастан, оқуға түсушілердің бірыңғай тізімін жасауды талап етуде. «РФММ-ға ұят, ортақ тізім жасаңыздар! Неліктен қазақтілді балалардың құқығы шектеледі?» – деп жазды ата-аналардың бірі. Осы жаңалық жарияланған сәтте РФММ әкімшілігі тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →