Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды •

    «Қатты сағынамын»: Маржан Арапбаева өмірден өткен жақынын еске алып жылап қалды

    «Қатты сағынамын»: Маржан Арапбаева өмірден өткен жақынын еске алып жылап қалды

    Фото: видеодан скрин

    Танымал әнші Маржан Арапбаева «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында балалық шағы туралы айтып, өмірден өткен анасын ерекше сағынышпен еске алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер иесінің сөзінше, анасының бұл дүниеден озғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Алайда анасының орны оның жүрегінде әлі де бөлек. Маржан үшін анасы тек өмір сыйлаған жан ғана емес, сырлас, тірек, күш беретін ең жақын адамы болған.

    Әнші өзін кез келген қиындыққа мойымайтын, өмірге күлімдеп қарауға тырысатын адам екенін айтты. Ол көп жылай бермейтінін, түрлі сынақты сабырмен қабылдайтынын жеткізді. Дегенмен жүрегін елжірететін бір ғана сағыныш барын жасырмады. Ол – анасына деген сағыныш.

    Сұхбат барысында Маржан Арапбаева егер бір тілегі орындалса, анасымен қайта қауышып, тым болмаса бір күн бірге болғысы келетінін айтты. Әнші балалық шағындағы ауыл өмірін, жазғы күндерді, бақшадағы тіршілікті де ерекше жылылықпен еске алды.

    «Қазір маған тым болмағанда бір күнге балалық шағыма оралу мүмкіндігі берілсе, ойланбастан анамның тірі жүрген кезіне барар едім. Анамды қатты сағындым», – деді Маржан Арапбаева.

    Әншінің айтуынша, әкесі агроном болып еңбек еткендіктен, балалық шағы қамсыз әрі берекелі өткен. Маржан Арапбаева егер анасымен тағы бір мәрте қауышуға мүмкіндік берілсе, оны құшағына алып, жанынан бір сәтке де алыстамас едім дейді. Сондай-ақ ол анасының өзін еркелетіп «Саршұнақ» деп атайтынын ерекше сағынышпен еске алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →