Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді

    Тоқаев пен Ердоғанға 920 млн доллардан асатын жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстан мен Түркияның бірлескен инвестициялық жобалары таныстырылды. Олар 920 млн доллар инвестиция тартады.

    Тоқаев пен Ердоғанға 920 млн доллардан асатын жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға екі елдің бірлесіп жүзеге асырып жатқан бірқатар маңызды инвестициялық жобасы таныстырылды. Бұл жобалар аясында Қазақстан экономикасына 920 миллион доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Атап айтқанда, Miryıldız компаниясы Абай облысында кен байыту комбинатын, İskefe Holding Алматыда желатин өндірісін, ал Orzax Group Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпоштамен» бірлесіп Ақтөбе әуежайында логистика орталығын салуда, ал Tiryaki Holding Астанада бидай мен асбұршақты терең өңдейтін кәсіпорын құрылысын бастады.

    Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мемлекеттер басшыларына бүгінге дейін түрік компанияларының қатысуымен ел экономикасының түрлі саласында жалпы сомасы 4 миллиард долларға жуық 100-ге тарта инвестициялық жобаның жүзеге асырылғанын баяндады.

    Қазіргі уақытта құны тағы 4 миллиард долларды құрайтын 50-ге жуық бірлескен жоба бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →