Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев пен Ердоған ресми делегация мүшелерін таныстырды

    Тоқаев пен Ердоған ресми делегация мүшелерін таныстырды

    Фото: Ақорда🇹🇷

    Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

    Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

    Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

    Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →