Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Қазақстанда өндірілген Coca-Cola әлемдегі үздік деп танылып, танымал тұлғалардың назарына ілікті • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? •

    «Қара шыбын қыр соңымнан қалмайды»: Мақпал Жүнісова қызық оқиғасын айтты (ВИДЕО)

    «Қара шыбын қыр соңымнан қалмайды»: Мақпал Жүнісова қызық оқиғасын айтты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қызық жағдайды бөлісіп, қайда барса да қара шыбынның бірге жүретінін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    “Қай жерге сапарға шықсам, сол жерге дәу қара шыбын ұшып келеді, шетелде де солай, қасымдағылар біледі, ал енді бүгін концерттің аяғына дейін қара шыбын айналшақтап аяғына дейін бірге болды”, – деп жазды әнші.

    Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдырған. Олардың бірі мұны марқұм жандардың рухымен байланыстырса, енді бірі жақындарының қолдауы деп болжаған.

    “Ол шыбынды өлтірмеңіз, ол – сізге жанашыр адамның шыбыны жаны. Бұл әлемде жоқ адам. Менің анам өлгенде “торғай болып келем” деген. Қызыма терезеге торғай қонса “әже келді” дейміз. Менің көңілім бұзылады, сағыныш келеді”, – деп жазды желі қолданушысы.

    Ал Мақпал Жүнісова бұл пікірге жауап беріп, марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті еске алғанын жеткізді.

    “Мерей екеуіміз Токиоға барғанда, күнде бір қара шыбын тамақтанда жанымызда айналшақтап жүрді, сонда мен “Зәкеннің аруағы желеп-жебеп жүр” деп айтқам”, – деп пікір қалдырды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →