Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді

    Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен Астанаға келді

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізіп, стратегиялық кеңес отырысына қатысады.

    Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен Астанаға келді

    Сурет: aqorda.kz

    Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Түркия басшысымен бірге жұбайы Әмине Ердоған да ілесіп келді. Салтанатты рәсімге Қазақстан тарапынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысты. Мәртебелі мейманның құрметіне әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің туын ұстаған оқушылар қошемет көрсетті.

    Сапар аясында екі ел басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланбақ.

    Айта кетейік, 13-14 мамыр күндеріне жоспарланған сапардан кейін, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →