Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Юлия Путинцева Париж турнирінің ширек финалына шықты

    Юлия Путинцева Париж турнирінің ширек финалына шықты

    Фото: ҚТФ

    Қазақстанның екінші, әлемнің 77-ракеткасы Юлия Путинцева (Франция) WTA 125 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші челленджер жарысының екінші айналымында рейтингіде 152-орындағы украиналық Виктория Подрезбен шеберлік байқасты.

    Бірінші партия 6:4 есебімен Юлияның пайдасына шешілді. Ол екінші сетте қарсыласына тіпті бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

    Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Подрез 1 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

    Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін франциялықтар, әлемнің 108-ракеткасы Диан Парри немесе рейтингіде 277-сатыдағы Хлоэ Пакенің қай жеңгенімен таласады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →