Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады Президент Үкіметтің алдағы міндеттерін айқындады Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады «Байлықтың бәрі жанымда»: Нұрлан Абдулиннің қызы көптің жүрегін елжіретті (ВИДЕО) Асу Алмабаев Ыстанбұлдағы турнирде чемпиондық титулды жеңіп алды Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар 900-ден асты, 4700-ден астам адам хабарсыз Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

    «Аңыз адам»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шаханов туралы жазба жариялады (ФОТО)

    «Аңыз адам»: Димаш Құдайберген Мұхтар Шаханов туралы жазба жариялады (ФОТО)
    Фото: dimashnews.com

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында марқұм ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен түскен суретін жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары ақынға деген сағынышын білдіріп, Димашқа жылы лебіздерін жаудырған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әншінің жазбасына екі күн ішінде 38 мыңнан астам лайк пен жүздеген пікір жиналған. Оқырмандардың басым бөлігі Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесін еске алып, оған деген құрметін білдірді.

    Пікір қалдырғандардың бірі: «Мұхтар Шахановтың жатқан жері жарық болсын. Ал саған ұзақ әрі бақытты өмір тілеймін, қымбатты Димаш», – деп жазған.

    Тағы бір желі қолданушысы: «Сен барлық адамды құрметтейсің әрі ешкімді ұмытпайсың. Миллиондаған адамның жүрегінде із қалдырған жандардың рухы шат болсын. Ал сен біздің күнімізсің, адамдардың жүрегінде әлі де із қалдырып келесің», – деген пікір қалдырған.

    Шетелдік тыңдармандар да пікір білдіріп, Димаштың Мұхтар Шахановқа деген құрметіне тәнті болғандарын жеткізді.

    Аргентинадан жазған тыңдарман: «Сені көру қандай ғанибет, Димаш. Екі аңызға сәлем!» – деп жазса, тағы бірі: «Нағыз аңызға қайғырып көңіл айтамыз. Димаш, сені қатты сағындық», – деген.

    Түркиялық желі қолданушысы Мұхтар Шахановты «Түркі дүниесінің ар-ожданы мен жадына айналған тұлға» деп сипаттап, оның қазақ руханиятына қосқан үлесі ұмытылмайтынын атап өтті.

    Ал қазақстандық оқырмандардың бірі: «Димашжан, сен де әлем таныған тұлғаға айналдың. Аман жүр, қазақтың беткеұстар азаматы», – деп ақ тілегін арнаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →