Фото: видеодан скрин
Қарағандыда тұрғындар электр қуатының кернеуі тұрақсыз болып тұрғанына шағымданды. Айтуларынша, жарықтың кернеуі күндіз ондаған рет секіріп, кей кезде 250 вольтқа дейін жетеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Салдарынан техника істен шыға ма деп жұрт алаңдап отыр. Тұрғындардың сөзінше, мәселе сәуірден бері шешілмеген.
Олар бірнеше рет шағым түсіргенімен, нақты нәтиже болмағанын айтады. Бейнежазбада арнайы құрылғымен жасалған өлшемдер де көрсетілген.
Кей тұрғындар “үй жаңа, жабдық жаңа, бірақ тоқ тұрақсыз” деп ашулы. Желіде тараған пікірлерде бұл жағдай трансформатордағы ақаумен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылған.
Ал тұрғындар болса, “Жарыққа ақша төлейміз, бірақ сапасына кепіл жоқ” деп наразылық білдіруде.
Видео: narodniyi.control.krg3
