Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Лувр студенттер наразылығы салдарынан жабылды • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті •

    Тоқаев: Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі

    Тоқаев: Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесу өткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, елімізге Аустрия министрлерімен бірге іскерлік орта өкілдерінен құралған делегацияның келуі маңызды екенін атап өтті.

    – Аустрия Үкіметінің екі бірдей министрінің елімізге сапармен келуі өзара ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Аустрия – Қазақстанның сенімді әрі бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі. Сіздердің экономикамызға құйған инвестицияларыңыз 3 миллиард доллардан асты, сондай-ақ сауда айналымының көлемі ұлғайып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЕҚЫҰ аясында тығыз қарым-қатынас орнаттық. Мұндай байланыстар алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Аустрия – көптеген бағытта қарқынды дамыған ел. Сондықтан қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалаймыз. Сіздер үшін Қазақстан аймақтағы маңызды рөлін сақтап қалады деген сенімдеміз. Қазіргі таңда Аустрияның Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы сауда қатынастарында Қазақстанның үлесі 80 пайыздан жоғары, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволары арасындағы ықпалдастықтың жандануын құптады. Атап айтқанда, биыл мамыр айынан бастап дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим туралы және реадмиссиялау жөніндегі келісімдер күшіне енді.

    Мемлекет басшысы заманауи сын-қатерлердің трансшекаралық сипаты ұлғайып бара жатқанына тоқталып, осы орайда құқық қорғау органдарының өзара байланыстарын тереңдету қажет екенін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →