Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Қостанайда көпір қақ айырылды: ақылы жолда ойық пайда болып, жүргізушілер шошып жүр

    Қостанайда көпір қақ айырылды: ақылы жолда ойық пайда болып, жүргізушілер шошып жүр

    Фото: видеодан скрин

    Қостанай облысында ақылы трассадағы көпірде қауіпті ойық пайда болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жүргізушілер түсірген видеода жолдың ортасы опырылып, өткел уақытша жабылғаны көрінеді. Тесіктің айналасы қаппен қоршалып, белгі қойылғанымен, қауіп сейілген жоқ. Ауыр жүк көліктері өткен сайын көпірдің жағдайы алаңдатып отыр.

    Жергілікті жұрт бұл учаскеде шұңқырлар бұрыннан барын айтады. «ҚазАвтоЖол» мамандары тексеріс жүргізіп, жөндеу құнын есептеп жатыр.

    Әзірге тек уақытша шаралармен шектеліп отыр. Ал толық жөндеу жұмыстары қашан басталатыны нақты айтылмады. Айта кетейік, бұл көпір соңғы рет 2003-2004 жылдары күрделі жөндеуден өткен. Араға 20 жыл салып, нысан қайтадан апатты күйге түсті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →