Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Шымкентте тегін бассейн үшін ата-аналар есік бұзып кірді

    Шымкентте тегін бассейн үшін ата-аналар есік бұзып кірді

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Шымкентте жаңа оқушылар сарайында балаларды жүзу секциясына жазу нағыз таласқа айналды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
    Тегін болған соң, бар болғаны 50 орынға жүздеген ата-ана лап қойған.
    Кейбірі түннен бастап кезекке тұрғанымен, таңертең есік алдында иін тірескен адам көбейген.
    Кадрлардан ата-аналардың есіктен итерісіп, ішке кіре алмай жатқанын көруге болады.
    Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
    Қалалық білім басқармасы мұны «қалыпты жағдай» деп, халық санының өсуімен түсіндірді.
    Алайда жұрт «неге сұранысқа сай орын көбеймейді?» деп ашулы.
    Жазыла алмаған балалардың бір бөлігі қауіпсіздігі күмәнді субұрқақтарда шомылып жүр.
    Мамандар мұның денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді.
    Ал ата-аналарға таңдау қалмаған: не кезекте тұрасың, не балаң суда ойнай алмайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →