Фото: «Время»
Петропавл тұрғынына шабуыл жасалып, сегіз тісі жұлынып, жағы сынған. Күдікті 1,5 жылдан бері табылмай келеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2024 жылдың 21 қазанында болған. Юлия Шарафудинова кешке үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз біреу оған ауласында шабуыл жасап, соққыға жыққан.
Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалса да, ол әлі ұсталған жоқ.
Енді Юлия оған тағы да шабуыл жасалуы мүмкін деп қорыққан. Сөзінше, бұл алдын ала ойластырылған шабуыл болуы мүмкін. Себебі әйел бастығына қарсы куәлік беруден бас тартқан.
Юлия біреудің отбасылық жанжалына тап болды
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға одан әлдеқайда бұрын басталған. Ол байқаусызда отбасылық бизнеске қатысты жағымсыз дауға тап болған. Бірнеше жыл бұрын оның бастығы Дмитрий Кошелев бұрын ағасына тиесілі болған ойын-сауық орталығының ғимаратын сатып алған. Біртіндеп бұл жер өте танымал болып, заманауи кинотеатр, караоке, мейрамхана және лаунж-бар ашылған.
Алайда караоке-барда ер адамдар микрофонға таласып қалып, бірі екіншісіне оқ атқан. Содан кейін қауіпсіздік күшейтілді. Ал туыстары бұл бизнестен айырылып қалғанына ренжісе керек.
Ойын-сауық орталығының бұрынғы иесі соттасқысы келген. Алайда оны қазіргі иесі Дмитрий Кошелев жеңіп шыққан. 2023 жылы оның ағасы полицияға алаяқтық туралы арыз берді, бұл іс азаматтық істен қылмыстық іске ауысты. Іс бірнеше рет ашылып, жабылды, себебі дәлел табылмады.
Бұл істегі негізгі куәгерлердің бірі компанияның бухгалтері Юлия Шарафутдинова болды. Ол сотта және полиция алдында куәлік берді. Ол осы істен кейін қорқыту көбейгенін айтты. Тіпті аңдығандар болды. Себебі көлігінен GPS трекер анықталған.
Содан кейін оған шабуыл жасалды. Әйел сегіз тісінен айырылып, жағы сынып кеткен. Шабуылдан кейін Юлия ұзақ емделуге және бірнеше операцияға мұқтаж болды. Әлі күнге дейін басы қатты ауырады.
Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 107-бабы «Қасақана дене жарақатын салу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ бір жарым жылға жуық уақыт өтті, бірақ күдікті Қазақстаннан кетіп қалған болып шықты.
«Күдіктіге мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Бірқатар қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Біз шетелдік құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып жатырмыз. Оның қайда екенін анықтау және оны ұстау шаралары қабылданады», – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жақында Юлияның бастығына қатысты қылмыстық іс қайта ашылды және ол қайтадан жауап алуға шақырылып жатыр.
«Полиция жоғарыда аталған шабуылға қатысы жоқ алаяқтық бойынша бөлек қылмыстық істі тергеп жатыр. Шағымданушы бұл істе куәгер. Сондай-ақ бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде», – деп қосты баспасөз қызметі.
