Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Түркістанда оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған

    Түркістанда оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған

    Фото: видеодан скрин

    Түркістан облысында мектеп оқушыларының сабақ кезінде карта ойнауы қоғамда қызу талқыға түсті. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, 11-сынып оқушылары сабақ барысында топтасып, карта ойнауға кіріскен. Сол сәтте сыныптағы өзге оқушылар шулап жүрген. Алайда педагог тарапынан ешқандай ескерту жасалмағаны айтылды. Мұғалім телефонмен сөйлесіп, өз ісімен отырған.

    Аталған жағдайға байланысты оқушылардың ата-аналарына ескерту берілді. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кеткен. Оның білім беру саласындағы еңбек өтілі 13 жыл болады.

    Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайдың білім беру талаптарына қайшы екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті тәртіптік шаралар қабылданбақ.

    Сонымен қатар мектеп басшылығына да қатысты шешім шығуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →